11 -15 желтоқсан аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті

  • Главная
  • Новости
  • 11 -15 желтоқсан аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті

11 -15 желтоқсан аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті

11 -15 желтоқсан  аралығында  мектебімізде  қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. ӘБ-нің жетекшісі Рахиянова  Гульзара Боркеновнаның  бастауымен қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісу сабақтарын жоғары деңгейде өткізді. Исмаилова Гульмира Нұрмахамедовна  11-сынып оқушыларымен  «Дана Абай-дара Абай» тақырыбына әдеби кеш ұйымдастырса, Махметова Меруерт Абдыбаевна 3-сынып оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбына сайыс сабақ өткізді. Биылғы оқу жылында 5,7 – сынып оқушылары жаңартылған  білім  бағдарламасы бойынша білім алып жатқаны бәрімізге аян. Осыған  орай Сейсенбаева Айсұлу Сайлауовна 5г сыныбында «Кітаптар қоры» тақырыбына, Хайдарова Жания Қалихановна 5а сыныбында «Ұлттық кітапхана», ал Рахиянова Гульзара Боркеновна 7а сыныбымен «Сән әлемі» тақырыбына ашық сабақ  берді. Апталықты Камалданова Нағима Белғожаевна 6-сыныпта өткізген «Талаптыға нұр жауар» сабағымен қорытындылады. Барлық өткен сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтар әкімшілік тарапынан жоғары бағаланды.