"Достар" Халықаралық мектеп-лицейі — 2000 жылдың мамыр айында құрылған Алматы қаласының ең заманауи мемлекеттік емес мектептерінің бірі.
"Достар" ХМЛ-да аудандық, қалалық және республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, электронды және мектеп оқулықтарының авторлары болып табылатын жоғары білікті педагогтар жұмыс істейді. Үш тілділік стратегиясына сәйкес қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге көп көңіл бөлінеді.