Көктеммен бірге келген Наурыз мейрамын тойлау «Достар» ХМЛ ұжымының әдетті дәстүріне айналған.
Биыл да мереке тамаша аталып өтті. Оқушылармен қатар мектеп ұстаздары да қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарын ойнап, ұлттық тағамға толы дастархан жайып, тамаша көңіл күй сыйлады. «Наурыз құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Берекелі жыл болсын» деп тарқастық.