Старшая
школа "Достар"

14 қазан күні «Достар» ХМЛ-інде 10-11 сынып оқушылары А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығын театрландырылған-әдеби композициямен аяқтады.

  • Бас бет
  • Жаңалықтар
  • 14 қазан күні «Достар» ХМЛ-інде 10-11 сынып оқушылары А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығын театрландырылған-әдеби композициямен аяқтады.

14 қазан күні «Достар» ХМЛ-інде 10-11 сынып оқушылары А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығын театрландырылған-әдеби композициямен аяқтады.

Оныншы сынып оқушылары Алуа Әбдірайымова мен Азамат Ахметов үкім жариялау кезінде А.Байтұрсыновтың монологының сюжетінде актерлік шеберліктерін тамаша көрсетті.

Мемлекеттік тілде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында пікір алмасу болып, жоғары сынып оқушылары өзгелердің пікірін тыңдай отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы өз пікірлерін ортаға салып, ортақ пікірге келді. Мектеп бітіретін оқушылар қазақ тілін жетік меңгеруге тиіс екенін және бірнеше тілді, әсіресе қазақ тілін білу рухани баюға әкелетінін әр оқушының өз қалауы мен түсінуіне тікелей байланысты.

Б.Момышұлы айтқандай: «Бір тілді білген – бір кісі, екі тілді білген – екі кісі».

Пікір алмасу арқылы әр ұлттың балалары қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін көрсете білді. Іс-шара қазақ тіліндегі әнді хормен орындаумен сәтті аяқталды.
Пән апталығына белсене қатысқан қатысушыларға, мектеп-лицейіміздің ұстаздары мен оқушыларына алғысымызды білдіреміз.
Бәрекелді! Алға, Достар! Алға, Қазақстан!

#ДеньРеспублики #РеспубликаКүні


kkҚазақ тілі