Старшая
школа "Достар"

Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі, MISMUN 2022

Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі, MISMUN 2022

2022 жылғы 24-25 ақпанда "Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі, MISMUN 2022" жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті . "Достар" ЖШЛ делегациясын 10 "А" сынып оқушылары Ерлес Ясмин, Арышев Даниил, Хон Юджин ұсынды.

Біздің делегаттар даму мақсатында БҰҰ Ғылым және техника жөніндегі комиссиясында, экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментте және Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істеді; бұл құрылымдар әлемдік саясатта маңызды рөл атқарады. Сессиялар ағылшын тілінде өтті.

Аталған конференция біздің оқушыларымыз үшін дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік және тілдік дағдыларын, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің проблемаларын шешуде ымыраға келу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болды. Конференция барысында біздің оқушылар өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алды, сондай-ақ басқа адамдардың ұстанымына қатысты төзімділік танытуды үйренді.


kkҚазақ тілі