Туған өлкеге деген сүйіспеншілік
Біздің 11 «А« сынып оқушысы Виктория Илюшкина (жоба жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Л.П. Илюшкина) «туған өлкеге деген сүйіспеншілік« секциясында «Достық халықтардың киелі орындары«жобасымен 3-ші орынды иеленді. Дипломды конференцияның құрметті қонағы–Шыңғыс Айтматовтың жиені Асан Ахматов табыс етті.
2024 жылғы 9 қарашада Алматы облысы Қаскелең қаласында Қазақстан мен Қырғызстанның ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің 6-11 сынып оқушыларының ғылыми–зерттеу конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – оқушылардың ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың прогресс пен бейбітшілікті дамытудағы ғылымның рөлі туралы хабардарлығын арттыру үшін жағдай жасау, М.Шаханов пен Ш. Айматовтың шығармаларын зерделеу арқылы оқушылардың педагогтармен бірлесіп зерттеу шығармашылығын қолдау.