Dostar school-дың фойесі әдемі әуен мен мектеп оқушыларының қуанышты күлкісіне толды.

  • Главная
  • Новости
  • Dostar school-дың фойесі әдемі әуен мен мектеп оқушыларының қуанышты күлкісіне толды.

Dostar school-дың фойесі әдемі әуен мен мектеп оқушыларының қуанышты күлкісіне толды.

🖥️ 12 қазан. Дүйсенбі. Dostar schoolдың фойесі әдемі әуен мен мектеп оқушыларының қуанышты күлкісіне толды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы “Цифрлық әлемдегі қазақ тілі” атты тақырыппен ақпараттық старт жасады. Ұстаздар мен оқушылар “Яндекс аудармашылар” көмегімен цифрлық терминдердің қазақша аудармасын тапса, бастауыш сынып оқушылары QR кодта жасырылған заттардың атауын тауып, кәдесыйға ие болды. 💻 Сонымен қатар, 8-10 сынып оқушылары “Цифрлық әлем және ана тілім” тақырыбына ақпараттық бейнеролик дайындап, қорғады. Ал 5-7 сынып оқушылары телефон арқылы Quizizz форматында қазақша тест тапсырды. 📍Алда қызықты сайыстар мен ойындар өтеді. Бізбен бірге болыңыздар!

https://youtube.com/shorts/O8yH55sds1w?feature=share

kkҚазақ тілі