Салт-дәстүрімізді сақтайық

Салт-дәстүрімізді сақтайық

Бүгін ӘБ-нің жетекшісі, педагог- зерттеуші Гүлзара Боркенқызы Рахиянова 5 «В» сынып оқушыларымен » Салт-дәстүрімізді сақтайық» тақырыбына білгірлер сайысын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері туралы білетін ақпараттарымен бөлісті. Ең қуанарлығы, оқушылар қазақ тілінде еркін сөйлеп, барлық сұрақтарға еркін жауап беріп, өз ойларын да қосып отырды. Сабақ танымды, өте қызықты өтті.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі өсе берсін! Ұстазға сәттілік тілейміз!


ru_RUРусский